Алты ай берілмеген Отырардың қақпасын жауға ашып берген сатқынның әкесінің сөзі. Қазір де осындай әке бар ма екен? ...Бұл баланы жаңа туған кезiнде Перзент үнi тұсаған жан мұратын Афрасиабтың ар жағында тұратын Нағашысы бауырына басқан-ды. Қaтeлiгiм осы арадан басталды. Kiндiк кескен өлкесiнiң сорына Ержеткен соң қайта келдi қолыма. Бөрененi жарып шыққан сынадай Бабалардан бiзге жеткен, Құлақтыны iздеп өткeн, Өсиет бар мынадай: “Әр нәресте қашан eci кiргенше, Жер қадiрiн, Ел қадiрiн, Ең бастысы тіл қадірін бiлгенше, Алғашқы әнтек қылығына Өзi ұялып күлгенше, Көтергенше балаң ойдың желкенiн, Қинаса да қиқар соқпақ, қиыс жол, Өзiн туған қасиеттi өлкенiң Ауасымен дем алуға тиiстi ол!” Мен осынау борышыма әкелiк Немқұрайды қарадым да, Кiнәлi боп ар алдында, Жiбердiм зор орны толмас қателiк. Мiне, төpiм бipiгiп тұр көрiме, Көрiнетiн бетiм бар ма елiме? Мына сатқын перзентiме қосақтап Өлтipyгe мiндеттiсiң менi де!.. М.Шаханов

Теги других блогов: сюрреализм